10
Ақауларды жою
Теледидарды
қашықтан басқару
пультiмен басқару
мүмкін емес.
• Өнімдегі қашықтан басқару құралының сенсорын тексеріп, қайтадан көріңіз.
• Өнім мен қашықтан басқару құралының арасында кедергінің жоқ екенін тексеріңіз.
• Батареялардың жұмыс істеп тұрғанын және дұрыс орнатылғанын ( жағын жағына,
жағын жағына).
Бейне көрсетілмейді
және дыбыс
шықпайды.
• Өнімнің қосылып тұрғанын тексеріңіз.
• Қуат сымының розеткаға қосылғанын тексеріңіз.
• Басқа өнімдерді жалғап, розетканың ақаулы емес екенін тексеріңіз.
Теледидар кенет өшіп
қалады.
• Қуатты басқару параметрлерін тексеріңіз. Қуат көзі ажыратылуы мүмкін.
• Автоматты өшіру функциясы параметрлерге қатысты уақытта белсендірілгенін тексеріңіз.
• Теледидар қосылып тұрғанда, сигнал болмаса, онда 15 минут әрекетсіздіктен кейін,
теледидар автоматты түрде өшеді.
Компьютерге (HDMI)
қосылған кезде сигнал
табылмады.
• Қашықтан басқару құралы арқылы теледидарды өшіріп қосыңыз.
• HDMI кабелін қайта жалғаңыз.
• Теледидар қосулы кезде компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз.
Қалыпсыз дисплей • Ұстағанда, өнім салқын көрінсе, қосылғанда өнім «жыпылықтауы» мүмкін. Бұл қалыпты
жағдай, өнімдегі ақау емес.
• Бұл панель миллиондаған пиксельдерді қамтитын озық технологиялы өнім болып табылады.
Панельде өлшемі 1 б/м майда қара нүктелерді және/немесе жарық түсті нүктелерді
(қызыл, көк немесе жасыл) көруіңіз мүмкін. Бұндай жағдай болуы өнімнің жұмыс сапасы мен
сенімділігіне әсер етпейді. Сондай-ақ, бұл құбылыс үшінші тарап өнімдерінде орын алады
және алмастыруға немесе ақшаны қайтаруға жатпайды.
• Көру күйіне (сол/оң/үсті/асты) байланысты панельдің әр түрлі жарықтығын және түсін табуға
болады.
Сондай-ақ, бұл құбылыс панельдің сипаттамасына байланысты орын алады.
Ол өнімнің жұмысына қатысты емес, әрі ақаулық болып табылмайды.
• Қозғалыссыз сұретті ұзақ уақыт бойы көрсетіліп, бұл суреттің қалып қою мүмкін. Ұзақ уақыт
бойы теледидар экранның қозғалыссыз суретті көрсеткен тұруына жол бермеңіз.
Шығарылған дыбыс • Тырс еткен дыбыс: Теледидарды көріп отырғанда немесе өшіргенде шығатын дыбыс,
температура мен ылғалдылыққа байланысты пластикалық жылу сығылуы нәтижесінде пайда
болады. Бұл дыбыс — температура деформациясы талап етілетін барлық өнімдер үшін ортақ
құбылыс.
• Электр тізбегінің гуілдеген/панельдің дызылдаған дыбыс шығаруы: Өнімді істету үшін токтың
үлкен мөлшерін жеткізгенде, жылдамдығы жоғары коммутация схемасынан шығады.
Өнімге байланысты әртүрлі болады. Бұл түрленген дыбыстың пайда болуы өнімнің жұмыс
сапасы мен сенімділігіне әсер етпейді.
• Өнімді тазалағанда панельдің және бағыттауыш панельдің жоғарғы, сол не оң бет арасындағы саңылауға қандай да бір
сұйықтықтың немесе бөтен заттардың кіріп кетпеуін қадағалаңыз. (Үлгіге байланысты)
• Шүберектен артық су немесе тазалау құралы сығылғанын тексеріңіз.
• Суды немесе тазалау құралын тікелей теледидардың экранына бүркімеңіз.
• Экранды сүрту үшін шүберекке тек қажетті су немесе тазалау құралының көлемі бүркілгенін тексеріңіз.