ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
Құрылғы бөлменің ең салқын бөлігінде, жылу көздерінен немесе жылыту құрылғыларынан
және күн сәулесінен алыс жерде орналасуы керек.
Тоңазытқышқа салмас бұрын, ыстық тағамды бөлме температурасына дейін суытыңыз.
Құрылғының шамадан тыс жүктелуі компрессордың ұзақ жұмыс істеуіне әкеледі.
Тым баяу қататын тағамдардың сапасы төмендеуі немесе нашарлауы мүмкін.
Тоңазытқышқа салмас бұрын тағамды жақсылап орап, контейнерлерді құрғатыңыз. Бұл мұз
түзілуін азайтуға көмектеседі.
Азық-түлік сақтайтын қораптар алюминий фольгамен, балауыздалған қағаздан немесе
қағаз сүлгілермен қапталмауы керек, себебі олар суық ауаның айналымын бұзады, Ал бұл
құрылғының тиімділігін төмендетеді.
Тоңазытқыш есіктерін ашу мен іздеу уақытын азайту үшін тағамды реттеңіз және белгілеңіз.
Бір уақытта қажет болатын тағамның көп мөлшерін шығарып, тоңазытқыштың есігін
мүмкіндігінше тез жабыңыз.
ПАЙДАЛАНУДЫ БАСТАУ
Тоңазытқышты қуат көзіне бірінші рет қоспас бұрын, оны екі
сағат бойы қозғалтпаңыз.
Тоңазытқышты кез-келген жаңа немесе мұздатылған тағаммен
толтырар алдында 2-3 сағат жұмыс жасатыңыз немесе
қоршаған орта температурасы жоғары болған кезде жазда
4 сағат жұмыс істетіңіз.
Есіктер мен тартпаларды оңай ашу үшін жеткілікті кеңістікті
немесе өндіруші айтқан көлемді сақтаңыз.
10