EasyManuals Logo
Home>Midea>Refrigerator>MDRB470MGF Series

Midea MDRB470MGF Series User Manual

Midea MDRB470MGF Series
102 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #37 background imageLoading...
Page #37 background image
18
4 Тоңазытқышқа техникалық қызмет көрсету және күтім жасау
4.1 Жалпы тазалау
Салқындату әсерін жақсарту және қуатты үнемдеу үшін тоңазытқыштың артындағы және жердегі
шаңды жиі тазалап тұру керек.
Есік тығыздағышын үнемі тексеріп, онда қоқыс жоқтығына көз жеткізіп отырыңыз. Есік
тығыздағышын сабын сумен немесе сұйылтылған тазалағышпен суланған жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз.
Иіс шығармау үшін тоңазытқыштың ішін үнемі тазалап отыру керек.
Тоңазытқыштың
ішін тазаламас бұрын, құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз, ішіндегі тамақты,
сусындарды, сөрелерді, тартпаларды және т.б. түгелдей шығарыңыз.
Тоңазытқыштың ішін екі ас қасық ас содасы салынған жылы сумен суланған жұмсақ шүберекпен
немесе губкамен тазалаған дұрыс. Содан кейін таза сумен шайып, мұқият құрғатып сүртіңіз.
Тазалаудан кейін, қуат көзіне қоспас бұрын есікті
ашып, кептіріп қойыңыз.
Тоңазытқыштың ішінде қиын тазаланатын жерлер (мысалы, көп қабатты төсем, аралық немесе
бұрыштар) болса, ондай жерлерді жұмсақ шүберекпен, жұмсақ щеткамен жиі тазалап тұру керек.
Қажет болса, қосымша құралдар (мысалы, жұқа таяқша) пайдаланып, лас заттар немесе
бактериялар жиналып қалмауын қадағалаңыз.
Сабын, жуғыш заттар, қырғыш ұнтақ, аэрозоль тазалағыш заттарды
қолданбаңыз, себебі олар
тоңазытқыш ішін бүлдіріп, жағымсыз иіс қалдыруы немесе тағамдардың бұзылуына себепші
болуы мүмкін.
Бөтелке жақтауын, сөрелерді және тартпаларды сабын суға немесе сұйылтылған тазалағышқа
салынған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Жұмсақ шүберекпен немесе абиғи жолмен құрғатыңыз.
Тоңазытқыштың сыртқы бетін сабын сумен, жуғыш затпен және т.б. суланған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз, содан кейін құрғатып сүртіңіз.
Тоңазытқыштың беткі қабатын және ішін зақымдауы мүмкін қатты щеткалар, таза болат шарлар,
сым щеткалар, қажақ материалдар (мысалы, тіс пастасы), органикалық еріткіштерді (мысалы,
алкоголь, ацетон, банан майы және т.с.с.), қайнаған су, қышқыл
немесе сілтілі ерітінділерді қолданбаңыз. Қайнатылған су және
бензол тәрізді органикалық еріткіштер пластикалық
бөлшектерді
деформациялауы немесе зақымдауы мүмкін.
Тазалау кезінде қысқаша тұйықталудыың алдын алу немесе суға
салу арқылы электрлік бөліктердің оқшаулау қабатына зақым
келтірмеу үшін сумен немесе басқа сұйықтықпен тікелей шаймаңыз.
4.2 Шыны сөрені тазарту
Шыны сөредегі тартпаны алыңыз;
Шыны сөренің алдыңғы бөлігін (шамамен 60°-қа) көтеріп,
оны тартып шығарыңыз;
Шыны сөрені шығарып алып, қажетінше тазалаңыз;
Шыны сөрені орнына салу үшін осы қадамдарды керісінше
орындаңыз.
Жібіту және тазалау үшін тоңазытқышты қуат көзінен
ажыратыңыз.

Table of Contents

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Midea MDRB470MGF Series and is the answer not in the manual?

Midea MDRB470MGF Series Specifications

General IconGeneral
BrandMidea
ModelMDRB470MGF Series
CategoryRefrigerator
LanguageEnglish

Related product manuals