60
Джинс шалбар мен нәзік маталар үшін тиісті температураны таңдау,
үтіктің қызуын және салқындауын күту сияқты қалыпты үтіктермен
байланысты әбігершіліктен бәріміз хабардармыз. Көбіміз тым ыстық
болған үтікпен киімдерімізді де бүлдіріп алғанбыз. Жаңа Philips
PerfectCare үтігімен бұл қиындықтардың бәрі артта қалды.
Үтіктеудің принципіне жылу беріп киімдегі қатпарларды жою жатады.
Бұрын, бұны өте ыстық табанмен жасалатын. Одан кейін, киімдерге
жылуды жылдамырақ жеткізу үшін, өндірушілер табанға бу қосып үтіктеу
жұмысын жылдам орындауға мүмкіндік берді.
Жасаған зерттеулеріміз көп мөлшерде бу беру ең қиын қатпарларды
кетірудің ең жақсы жолы екенін көрсетті. Үтік табанының әсері
өте аз болады. Ылғалды жою үшін үтік табанының температурасы
бу температурасынан жоғары болса жеткілікті. Бұл — оңтайлы
температура. Осы температурада үтіктелетін ешбір киім бүлінбейді, ал
үтіктеу — өте ыңғайлы.
Басты мәселе осы оңтайлы температурада көп мөлшерде буды
жеткізуде болды. Бұдан бұрын, бұл судың шашырауына, ағуына және
дақтың қалуына апаратын.
Осы оңтайлы температурадағы үтік табанымен жоғары қысымды бу
беру үшін, бірегей циклондық камераны ойлап таптық. Шығарылған бу,
судың ағу қаупін тудырмастан, жылдам үтіктеу үшін матаға терең сіңеді.
Күрделі реттеу дөңгелегі жоқ әрі үтіктің қызуын немесе салқындауын
күту керек емес. Сондай-ақ, сүйікті киімді күйдіріп алу қаупі де
болмайды. Үтіктеген адамға қарамастан бұл үтік жылдам үтіктейді.
Циклондық бу камерасының жұмысы туралы ақпаратты www.philips.com
веб-сайтынан көруге болады.
Рахаттана үтіктеңіз!
Бу жеткізу шлангысы
B Үтіктің түпқоймасы
C Бу жеткізу шлангысын сақтау орны
D Қуат сымын сақтау бөлімі
E Штепсельдік ұшы бар қуат сымы
F «Су ыдысы бос» жарығы
G Автоматты өшіру мүмкіндігі бар қосу/өшіру түймесі
H Жарығы бар DE-CALC қалпына келтіру түймесі
I EASY DE-CALC тұтқасы
J Су деңгейінің көрсеткіші
Алынбалы су ыдысы
L Толтыру тесігі
M Тасымалдау бекітпесін босату түймесі
N Тасымалдау бекітпесі
O Үтіктің табаны
P «Үтік дайын» жарығы
Q Бу шығарғышы
R Буды күшейту түймесі