Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне
түбегейлі әсер етпейтін болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша
ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
Жасап шығарылған күні бұйымда және (немесе) қаптамада, сондай-ақ ілеспе
құжаттамада, XX.XXXX пішімінде көрсетілген, мұндағы алғашқы екі сан "XX" -
жасап шығарылған айы, келесі төрт сан "XXXX" -» жасап шығарылған жылы.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
Құрылғыны орауынан шығарыңыз да, корпусындағы жапсырм қағазды алыңыз.
Иілгіш түтікті шаңсорғышқа жалғау үшін оның түп жағын шаң соратын
саңылауға кигізіп, сырт еткенше үстінен басыңыз. Иілгіш түтікті ажыратып алу
үшін оның түбінің екі бүйіріндегі бекітпелерді басыңыз.
Бунақты түтікшені керекті ұзындыққа жеткенше суырыңыз. Бұл үшін бунақты
түтікшенің ұзындығын реттейтін тетікті сырғытыңыз да, түтікшенің ұшынан
тартыңыз.
Иілгіш түтікті түтікшеге орнатыңыз.
Түтікшеге қондырмалардың бірін кигізіңіз:
Қиыстырылған “еден/кілем” қондырмасы кілем төселген едендерді және
соларға ұқсас жабындарды, сондай-ақ тегіс беткі қабаттарды тзалуға
арналған;
«Жиһаз/ Саңылау» қондырмасы жұмсақ жиһазды, перделерді, безендірілген
беткі қабаттарды тазалауға арналған.
ЖҰМЫС
"Циклон" жүйесі үй жинау кезінде барынша үлкен қуаттылықты қамтамасыз
етеді.
Жұмысты бастаудың алдында қоректену бауын қажетті ұзындыққа керіп
қойыңыз және шаңышқыны электр жүйесінің розеткасына сұғыңыз. Баудағы
сары таңба оның үйлесімді ұзындығыныа, ал қызыл – барынша көп талапқа сай
екенін көрсетеді, одан ары бауды керуге болмайды.
Шаң сорғышты қосу үшін Қосу / Өшіру ноқатын басыңыз, сөну үшін – оны тағы
бір рет басыңыз.
Шлангінің тұтқасында сору күшін өзгертуге мүмкіндік беретін ауа ағынының
реттеуіші бар:перделерді, кітаптарды, жиһазды және т.б. тазалағанда оны ашу
ұсынылады;кілемдік жабулар үшін – жабылады.
Электр бауды орауға арналған тиісті ноқатты басыңыз, сонымен қатар, баудың
бұралып кетуі не зақымдануына жол бермеу үшін оны қолмен ұстап тұру
ұсынылады.
Шаң сорғыштың қозғалтқышы қызып кетпеуі үшін 30 минуттан көп толассыз
жұмыс істемеңіз және 15 минуттан кем емес міндетті үзіліс жасаңыз.
Корпусқа орнатылған қуат реттегішінің көмегімен де, шаңын сорып алғыңыз
келген беткі қабаттың қандай болуына қарай, сору күшін өзгертуге болады.
ШАҢ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ТАЗАЛАУ
Шаңсорғышты сөндіріп, электр желісінен ажыратыңыз.
Шаң жинайтын контейнерді шаңсорғыштан шығарыңыз, ол үшін контейнерді
бекіту батырмасына басыңыз.
Әрбір тазалау жұмысынан кейін контейнерді шаңнан тазартып тұруға кеңес
береміз.