EasyManuals Logo

Hyundai H-VCC05 User Manual

Hyundai H-VCC05
16 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #14 background imageLoading...
Page #14 background image
14.
Контейнердің түбін ашып, одан қоқысты қағып тастаңыз. Ол үшін шаң
жинайтын контейнердің түбін ашуға арналған батырманы басыңыз.
Шаң жинауға арналған сауытты алыңыз. Бұл үшін шаңжинағыш сауыттың
бекіткіш батырмасын басыңыз.
Сауыттан қоқысты сілкіп түсіріңіз. Бұл үшін шаңжинағыш сауытты ашатын
батырманы басыңыз.
Мұқият әрі ыңғайлы тазалау үшін шаңсорғыштың осы үлгісінде шаң жинайтын
капсуланы сауыттан алып шығу мүмкіндігі қарастырылған.
Ол үшін шаң жинауға арналған сауыттың тұтқасынан ұстап тұрып, капсуланы
сағат тілінің бағытында бұраңыз.
Капсуланы жуыңыз да, сағат тілінің бағытына қарсы бұрай отырып, орнына
салыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Тазалағаннан кейін әр кез сауытты міндетті түрде тазартыңыз.
Сүзгі орнатылмаған болса, сондай-ақ сүзгі бүлінген немесе ластанған болса,
аспапты ешқашан да қолдануға болмайды. Ондай жағдайда пайдалансаңыз,
қозғалтқышқа шаң түседі де, құрылғының бұзылуына әкеледі
Егер сауыт "MAX" белгісіне дейін толы болса, аспапты пайдалануға болмайды.
Сауыт толып кеткен кезде, лас ауа шаңсорғыштың сүзгісін бітеп, соның
нәтижесінде қозғалтқыш асқын қызып кетеді де, істен шығады.
Аспапты құрылыс қоқысын (цемент, әк, сылақ, металл жоңқа және т.с.с.) жинау
үшін пайдалануға болмайды.Ондай ұсақ заттар қозғалтқыштың бұзылуына
әкеледі
Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинада жууға
болмайды
СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАЛАУ
Сүзгілерді жылына кем дегенде бір рет тазалау керек. Шаңсорғыш жиі
пайдаланылатын болса, әр 3-5 рет тазалағаннан кейін сүзгілерді жуып
отырыңыз.
Шаңсорғыштың артқы жағында орналасқан НЕРА сүзгісінің ұясын ашыңыз. Бұл
үшін НЕРА сүзгісінің екі бекіткіш түймесін басыңыз, олар шаңсорғыштың
тұтқасының астында орналасқан.
Шаң жинайтын сауытты ағыту түймесін басыңыз да, сауытты шаңсорғыштың
корпусынан ағытып алыңыз.
Шаңсорғыштың корпусының түбінен сүзгіні шығарып алыңыз.
Сүзгілерді ағып тұрған суға жуыңыз да, жақсылап құрғатыңыз.
Тазалап болғаннан кейін оларды орнына салыңыз.
НАЗАР:
Сүзгілерді орннатпай шаң сорғышты қоспаңыз, бұл электр қозғалтқышы
қатардан шығаруы мүмкін.
Сүзгілерді мәшіңкеде жумаңыз және олады фенмен кептірмеңіз.
САҚТАУ
Шаң сорғышты тік орнатыңыз.
Тұлғадағы арнайы саңылауға щөткелі құбырды бекітіп қойыңыз.

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Hyundai H-VCC05 and is the answer not in the manual?

Hyundai H-VCC05 Specifications

General IconGeneral
BrandHyundai
ModelH-VCC05
CategoryVacuum Cleaner
LanguageEnglish

Related product manuals