EasyManuals Logo

Stihl RM 448.1 TX User Manual

Stihl RM 448.1 TX
Go to English
472 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #320 background image
11.5 Шөп жинағышты босату
Пышақтың айналуынан пайда болған ауа
ағыны шөп жинағышты толтыру
индикаторын (1) көтереді. Шөп жинағыш
толған кезде ауа ағыны тоқтайды. Ауа ағыны
тым аз болса, шөп жинағышты толтыру
индикаторы (1) қозғалыссыз күйге қайтып
оралады. Бұл шөп жинағышты (2) босату
қажеттігінің белгісі болып табылады.
Шөп жинағышты толтыру индикаторының (1)
ақаусыз жұмысы тек оңтайлы ауа ағынында
қамтамасыз етіледі. Ылғалды, тығыз немесе
биік шөп, төмен кесік биіктігі, ластану немесе
т.с.с. сыртқы факторлар ауа ағынына және
шөп жинағышты толтыру индикаторының (1)
жұмысына кері әсер етуі мүмкін.
Шөп жинағышты толтыру индикаторы (1)
қозғалыссыз күйге қайтып оралса: Шөп
жинағышты (2) босатыңыз.
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Шөп жинағышты (2) ажыратыңыз.
Құлыптау тілшігін (3) ашыңыз.
Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (4)
тұтқасынан (5) ашып, ұстап тұрыңыз.
Екінші қолмен астыңғы тұтқадан (6) ұстап
тұрыңыз.
Шөп жинағышты (2) босатыңыз.
Шөп жинағыштың (2) қақпағын жабыңыз.
Шөп жинағышты (2) қыстырыңыз.
12 Жұмыс аяқталғаннан
кейін
12.1 Жұмыс істегеннен кейін
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқыш сулы болса: көгалшапқышты
кептіріңіз.
Көгалшапқышты тазалаңыз.
13 Тасымалдау
13.1 Көгалшапқышты тасымалдау
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Көгалшапқышты жылжыту
Көгалшапқышты баяу және бақылай
отырып алға қарай жылжытыңыз.
Көгалшапқышты көтеріп жүру
Төзімді материалдан жасалған жұмыс
қолғаптарын киіңіз.
Шөп жинағышты ажыратыңыз.
Көгалшапқышты қайырылып ашылған бас
тұтқасымен көтерген жағдайда:
Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен бас
тұтқасынан (2) ұстауы қажет.
Көгалшапқышты көтеруге және алып
жүруге екі адам қажет.
Көгалшапқышты жиналған бас тұтқасымен
көтеріп жүрген жағдайда:
Бас тұтқаны жинаңыз.
Көгалшапқышты бір адам екі қолымен
тасымалдауға арналған тұтқасынан (1)
ұстауы, ал екінші адам екі қолымен
тұтқадан (3) ұстауы қажет.
Көгалшапқышты көтеруге және алып
жүруге екі адам қажет.
қазақ 12 Жұмыс аяқталғаннан кейін
320 0478-111-9951-B

Table of Contents

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Stihl RM 448.1 TX and is the answer not in the manual?

Stihl RM 448.1 TX Specifications

General IconGeneral
BrandStihl
ModelRM 448.1 TX
CategoryLawn Mower
LanguageEnglish

Related product manuals