EasyManuals Logo

Stihl RM 448.1 TX User Manual

Stihl RM 448.1 TX
Go to English
472 pages
To Next Page IconTo Next Page
To Next Page IconTo Next Page
To Previous Page IconTo Previous Page
To Previous Page IconTo Previous Page
Page #321 background image
Көгалшапқышты автомобильге салып
тасымалдау
Көгалшапқышты аударылмайтындай және
қозғалмайтындай етіп тік күйінде бекітіңіз.
14 Сақтау шарттары
14.1 Көгалшапқышты сақтау
Қозғалтқышты өшіріңіз және суытыңыз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Көгалшапқышты төмендегі шарттарға
сәйкес сақтаңыз:
Көгалшапқыш балалардың қолы
жетпейтін жерде тұруы тиіс.
Көгалшапқыш таза және құрғақ.
Көгалшапқыш аударылып кетпейді.
Көгалшапқыш домалап кете алмайды.
Көгалшапқыш 3 айдан ұзақ сақталатын
болса:
Жанармай багы босағанша істетіңіз.
Жанармай багын STIHL делдалына
тазалауға беріңіз.
Мотор майын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілгендей
ауыстырыңыз.
От алдыру білтесін бұрап шығарыңыз.
Сақтандыру
От алдыру білтесі сымының штекері
шығарылған кезде, іске қосу механизмінің
тұтқасы шығарылса, ұшқын сыртқа шығуы
мүмкін. Ұшқыннан жеңіл тұтанғыш немесе
жарылғыш ортада өрт және жарылыс қаупі
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр немесе
ажалды жарақат алуы, сондай-ақ мүлікке
залал келтірілуі мүмкін.
От алдыру білтесі сымының штекерін от
алдыру білтесінің саңылауынан алшақ
ұстаңыз.
Іске қосу механизмінің тұтқасын
бірнеше рет шығарып, кері
бағыттаңыз.
От алдыру білтесін бұрап кіргізіңіз және
мықтап тартыңыз.
15 Тазарту
15.1 Көгалшапқышты тігінен қою
Жанармай багы босағанша істетіңіз.
Қозғалтқыш сөнеді.
Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
Шөп жинағышты ажыратыңыз.
Кесік биіктігін 1-позицияға қойыңыз, 11.2.
Оталдыру білтесі сымының штекерін (1)
шығарыңыз.
Бас тұтқаны (2) ұстап тұрып, тез әрекетті
бекіту тетіктерін (3) қайырып ашыңыз.
Бас тұтқаны (2) артқа қарай жатқызыңыз.
Лақтырманың қақпағын (4) ашып, ұстап
тұрыңыз.
Көгалшапқышты тасымалдауға арналған
тұтқасынан (5) ұстап тұрып, артқа
шалқайтып тігінен қойыңыз.
15.2 Көгалшапқышты тазалау
Қозғалтқышты өшіріңіз.
Көгалшапқышты суытыңыз.
От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
Көгалшапқышты ылғалды шүберекпен
тазалаңыз.
Желдету ойықтарын жаққышпен тазалаңыз.
Көгалшапқышты тоқтатыңыз.
Пышақ айналасындағы аймақты және
пышақты ағаш таяқшамен, жұмсақ
қылшақпен немесе ылғалды шүберекпен
тазалаңыз.
16 Қызмет көрсету
16.1 Техникалық қызмет көрсету
аралықтары
Техникалық қызмет көрсету аралықтары
қоршаған орта шарттарына және жұмыс
шарттарына байланысты болады. STIHL
төмендегі техникалық қызмет көрсету
аралықтарын ұсынады:
Қозғалтқыш
Қозғалтқышқа қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілгендей
техникалық қызмет көрсетіңіз.
Көгалшапқыш
Көгалшапқышты жыл сайын STIHL
делдалына тексертіңіз.
14 Сақтау шарттары қазақ
0478-111-9951-B 321

Table of Contents

Questions and Answers:

Question and Answer IconNeed help?

Do you have a question about the Stihl RM 448.1 TX and is the answer not in the manual?

Stihl RM 448.1 TX Specifications

General IconGeneral
BrandStihl
ModelRM 448.1 TX
CategoryLawn Mower
LanguageEnglish

Related product manuals