► Төмендегі құрамдас бөлшектердің қауіпсіз
күйде болуына көз жеткізіңіз:
–
Көгалшапқыш, 4.6.1.
–
Пышақ, 4.6.2.
►
Көгалшапқышты тазалаңыз, 15.
►
Пышақты тексеріңіз, 10.1.
►
Бас тұтқаны орнатыңыз, 6.1.
►
Мотор майын құйыңыз, 6.3.
►
Бас тұтқаны жайыңыз, 8.1.
►
Көгалшапқышқа жанармай құйыңыз, 7.
► Шөп шабу және шабылған шөпті шөп
жинағышқа жинау қажет болса: шөп
жинағышты іліңіз, 6.2.2.
► Шөп шабу қажет және шабылған шөп
артынан түсіріліп отыруы тиіс болса: шөп
жинағышты шешіп алыңыз,
6.2.3.
►
Кесік биіктігін реттеңіз,
11.2.
►
Басқару элементтерін тексеріңіз, 10.2.
► Аталған әрекеттерді орындау мүмкін
болмаса: көгалшапқышты пайдаланбаңыз
және STIHL делдалына хабарласыңыз.
6 Көгалшапқышты
құрастыру
6.1 Бас тұтқаны орнату
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
► Бұранданы (1) арқан бағыттауышы (2)
арқылы өткізіңіз.
► Арқан жетектерін (3 және 4) арқан
бағыттауышына (2) іліңіз.
► Бас тұтқаны (5) саңылаулар сәйкес
келетіндей ұстағыштарда (6) ұстап
тұрыңыз.
► Бұрандаларды (1 және 7) іштен сыртқа
қарай саңылаулар арқылы өткізіңіз.
► Жұлдыз тәрізді тұтқалы гайкаларды (8)
бұрап бекітіңіз және мықтап тартыңыз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (9) бас тұтқаға (5) басып тұрыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (10) жетек
арқанының бағыттауышына (11) қарай
тартыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (10) жетек
арқанының бағыттауышына (11) іліп
қойыңыз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын (9) жіберіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына салыңыз.
Бас тұтқаны (5) қайтадан шешіп қою қажет
емес.
6.2 Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
6.2.1 Шөп жинағышты монтаждау
► Шөп жинағыштың жоғарғы жағын (1) шөп
жинағыштың астыңғы жағына (2)
орнатыңыз.
Қапсырмалар (3) және бағыттауыштар (5)
ішінде тұруы керек. Ысырмалар (3)
саңылаулардың (4) биіктігінде орналасуы
қажет.
► Ысырмаларды (3) бірінен кейін бірі арттан
алға қарай саңылауларға (4) кіргізіңіз.
Ысырмалар (3) шерту дыбысымен тіреледі.
6.2.2 Шөп жинағышты ілу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
қазақ 6 Көгалшапқышты құрастыру
272 0478-111-9849-A