► Пышақты (1) ағаш кесіндісімен (4) тіреп
қойыңыз.
► Бұранданы (2) 65 Нм тарту моментімен
тартыңыз.
16.3 Пышақты қайрау және
теңгеру
Пышақты дұрыс қайрау және теңгеру үшін көп
жаттығу қажет.
STIHL компаниясы пышақты STIHL
делдалына қайратуға және теңгертуге кеңес
береді.
Сақтандыру
■ Пышақтың кескіш қырлары өткір.
Пайдалануға тисе, кесіп кетуі мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған қорғаныш
қолғаптарын киіңіз.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Пышақты бөлшектеңіз.
► Пышақты қайраңыз. Бұл ретте қайрау
бұрышына назар аударыңыз және пышақты
суытыңыз, 19.2.
Пышақты қайраған кезде оның түсінің
көгеруіне жол бермеңіз.
► Пышақты монтаждаңыз.
► Түсініксіз мәселелер туындаған жағдайда:
STIHL делдалына хабарласыңыз.
17 Жөндеу
17.1 Көгалшапқышты жөндеу
Пайдаланушы көгалшапқышты және пышақты
өз бетімен жөндей алмайды.
► Көгалшапқыш немесе пышақ зақымдалған
жағдайда: көгалшапқышты немесе пышақты
пайдаланбаңыз және STIHL делдалына
жолығыңыз.
► Нұсқау тақтайшалары анық емес немесе
зақымдалған болса: нұсқау тақтайшаларын
STIHL делдалына алмастыруға беріңіз.
18 Ақаулықтарды кетіру
18.1 Көгалшапқыштың ақаулықтарын жою
Ақаулық Себебі Шешім
Қозғалтқышт
ы іске қосу
мүмкін емес.
Шабу жетегінің берілістерді
ауыстыру айыры басылмаған.
► Қозғалтқышты аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта сипатталғандай іске қосыңыз.
Жанармай багы бос. ► Көгалшапқышқа отын құйыңыз.
Жанармай құбыры бітеліп
қалған.
► STIHL делдалына жолығыңыз.
Бакта нашар, лас немесе ескі
жанармай бар.
► Этилденбеген жаңа бензин маркасын
пайдаланыңыз.
Ауа сүзгісі ластанған. ► STIHL делдалына жолығыңыз.
От алдыру білтесі сымының
штекері от алдыру білтесінен
суырылған немесе от алдыру
кабелі штекерге нашар
бекітілген.
► От алдыру білтесі сымының штекерін салыңыз.
► Оталдыру кабелі мен штекер арасындағы
байланысты тексеріңіз.
От алдыру білтесі тоттанған,
зақымдалған немесе
электродтардың арасындағы
қашықтық қате.
► От алдыру білтесін тазалаңыз немесе
ауыстырыңыз.
► Электродтар арасындағы қашықтықты
орнатыңыз.
Пышақтағы қарсылық тым
үлкен.
► Жоғарырақ кесік биіктігін орнатыңыз.
► Қозғалтқышты төмен шөпте іске қосыңыз.
17 Жөндеу қазақ
0478-111-9849-A 279