10 Көгалшапқышты тексеру
10.1 Пышақты тексеру
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
►
Көгалшапқышты тігінен қойыңыз, 15.1.
► Келесілерді өлшеңіз:
–
Қалыңдығы a
–
Ені b
–
Жүзінің бұрышы c
► Қалыңдығы немесе ені ең төменгі мәннен
асып кеміген жағдайда: пышақтарды
ауыстырыңыз, 19.2.
► Жүзінің бұрышы сақталмаған жағдайда:
пышақтарды қайраңыз, 19.2.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына хабарласыңыз.
10.2 Басқару элементтерін
тексеру
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру айыры
және қозғалғыш механизм жетегінің
берілістерді ауыстыру айыры
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айырын және қозғалғыш механизм жетегінің
берілістерді ауыстыру айырын бас тұтқаға
қарай толығымен тартып, қайтадан
жіберіңіз.
► Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айыры немесе қозғалғыш механизм
жетегінің берілістерді ауыстыру айыры
қолжетімсіз болса немесе бастапқы күйге
оралмаса: көгалшапқышты пайдаланбаңыз
және STIHL делдалына жолығыңыз.
Шабу жетегінің берілістерді ауыстыру
айыры немесе қозғалғыш механизм
жетегінің берілістерді ауыстыру айыры
бұзылған.
11 Көгалшапқышпен жұмыс
істеу
11.1 Көгалшапқышты ұстау және
жүргізу
► Бас тұтқаны екі қолмен бас бармақтарыңыз
бас тұтқаны орап тұратындай етіп ұстаңыз.
11.2 Кесік биіктігін реттеу
7 кесік биіктігін реттеуге болады:
–
30 мм = 1-позиция
–
40 мм = 2-позиция
–
50 мм = 3-позиция
–
55 мм = 4-позиция
–
65 мм = 5-позиция
–
70 мм = 6-позиция
–
80 мм = 7-позиция
Позициялар көгалшапқышта көрсетілген.
Кесік биіктігін реттеу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
Пышақ айналмауы тиіс.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Иінтіректі (1) ойықтан тартып алыңыз да,
қалаулы позицияға қойыңыз.
11.3 Қозғалғыш механизм жетегін
қосу және өшіру
11.3.1 Қозғалғыш механизм жетегін қосу
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Қозғалтқышты іске қосыңыз.
10 Көгалшапқышты тексеру қазақ
0478-111-9849-A 275