3.2 Белгілер
Белгілер көгалшапқыш корпусына
қыстырылған болуы мүмкін және төмендегіні
білдіреді:
Бұл белгі жанармай багының
қақпағын білдіреді.
Бұл белгі мотор майының қақпағын
білдіреді.
Өнімдердің шуыл эмиссиясын
салыстыруға мүмкіндік беретін,
2000/14/EC директивасына сәйкес
dB(A) өлшем бірлігімен алынған
кепілді дыбыстық қуат деңгейі.
Өнімді тұрмыстық қоқыспен бірге
кәдеге жаратпаңыз.
Кесік биіктігін реттеңіз.
Шөп жинағыштың толтыру
индикаторы.
Қозғалтқышты
оталдырыңыз.
4 Қауіпсіздік техникасы
ережелері
4.1 Ескерту белгілері
Көгалшапқыштағы ескерту белгілері
төмендегіні білдіреді:
Қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және тиісті шараларды
орындаңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз және
сақтап қойыңыз.
Лақтырылып ұшқан заттардан сақ
болыңыз - арақашықтық сақтаңыз
және үшінші тараптарды
жақындатпаңыз.
Айналып тұрған пышаққа дене
мүшелеріңізді тигізбеңіз.
Оталдыру білтесі сымының штекерін
тасымалдау, сақтау, техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу
кезінде суырып алыңыз.
4.2 Мақсаты бойынша пайдалану
STIHL көгалшапқышы RM 248.3 немесе
RM 253.3 шөпті шабу және жабындау үшін
қолданылады.
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш мақсатына сәйкес
пайдаланылмаған жағдайда, адамдар ауыр
немесе қазалы жарақат алуы және
материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
►
Көгалшапқышты осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа және
қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығына сәйкес пайдаланыңыз.
4.3 Пайдаланушыға қойылатын
талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алмауы және бағалай
алмауы мүмкін. Пайдаланушы немесе
басқа адамдар ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқышты басқа адамға
табыстаған жағдайда: көгалшапқыштың
және қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын бірге беріңіз.
►
Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
–
Пайдаланушының тиісті жабдығы
бар.
–
Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқышты
басқаруға және жұмыс істеуге
жеткілікті. Егер пайдаланушының
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі болса, ол құрылғымен тек
бақылау астында немесе жауапты
тұлғаның нұсқаулары бойынша ғана
жұмыс істей алады.
–
Пайдаланушы көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алады және
бағалай алады.
–
Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
қазақ 4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
284 0478-111-9800-B