Қазақша
175
Қазақша
Қазақша
Мазмұны
Кіріспе __________________________________________________________________________________ 175
Жалпы сипаттама ________________________________________________________________________ 176
Қолданатын жағдайлар және пайдалану нұсқаулары _______________________________________ 176
Маңызды қауіпсіздік ақпараты ____________________________________________________________ 177
Бірінші рет пайдалану алдында ___________________________________________________________ 179
Тазалау және зарарсыздандыру ___________________________________________________________ 179
Сүтсауғышты пайдалану __________________________________________________________________ 182
Тоқтап қалу белгілері болғанда, сүтсауғышты пайдалану____________________________________ 186
Пайдаланудан кейін _____________________________________________________________________ 187
Емшек сүтін бөтелкемен беру _____________________________________________________________ 188
Үйлесімділігі_____________________________________________________________________________ 190
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру __________________________________ 190
Өңдеу ___________________________________________________________________________________ 190
Кепілдік және қолдау көрсету _____________________________________________________________ 191
Ақаулықтарды жою ______________________________________________________________________ 191
Қажетсіз жанама әсерлер_________________________________________________________________ 192
Сақтау шарттары_________________________________________________________________________ 193
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) __________________________________________________________ 193
Техникалық ақпарат______________________________________________________________________ 193
Таңбалар түсіндірмесі ____________________________________________________________________ 196
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips Avent компаниясына қош келдіңіз! Philips
Avent ұсынған қолдау көрсету қызметін толық қолдану үшін сүтсауғышты
www.philips.com/mybreastpump веб-сайтынан тіркеңіз.
Philips Avent Plus бірыңғай/қос электрондық сүтсауғышы сәбилермен және олардың табиғи сору
қозғалысымен жетілдірілген. Жұмсақ силикон жастық жеңіл уқалау қозғалыстарымен емізікті
ынталандырып, сүтті ыңғайлы әрі тиімді саууға көмектеседі. Сору мен емізікті ынталандыру тіркемесі
сүт ағынын жылдамдатады. Алдыға қарай еңкейтілмеген дизайн сауу кезінде босаңсыған әрі тік күйде
отыруға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласының мамандары мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәбилерді
алғашқы алты айда ана сүтімен қоректендіруге және қосымша қоректік тағамдармен бірге екі жылға
дейін ана сүтін беруді жалғастыруға кеңес береді. Бұның себебі — емшек сүті бала қажеттіліктеріне
арнайы бейімделген әрі баланы инфекция мен аллергиядан қорғауға көмектеседі. Ұзағырақ емізу
үшін, тіпті өзіңіз емізе алмайтын уақытта да сәбиіңіз сүтіңізді еме алуы үшін сүтті сауып, сақтауға
болады. Сүтсауғыш ықшам әрі пайдалану үшін бөлек, оны кез келген жерге өзіңізбен бірге алып
шығуға, осылайша сүт қорын сақтай отырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сүтті саууға болады.
Емізу жақсы жүрсе, саууды бастау алдында сүт қоры мен емізу кестесі орныққанша (әдетте,
босанғаннан кейін 2-4 апта) күтуге кеңес беріледі (денсаулық сақтау маманы басқаша кеңес бермесе).